Халықаралық волонтёрлер форумы аяқталды
Елордада өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумы мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараға 22 елден 90-ға жуық қонақ келді. 10-нан аса мемлекеттің өкілдері онлайн қатысты. Барлығы 11 сессия өтіп, ізгі істі насихаттау, оны одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.
2 күнге созылған форумда волонтерлерді қаржыландыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы меморандумға қол қойылды. Бірнеше мемлекеттің еріктілері ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Форум аясында кешеден бері келелі кеңестер ұйымдастырылды. Салмақты ұсыныстар мен маңызды ой-пікірлер айтылды. 11 сессияда 80-ге жуық спикер сөз сөйледі. Бұл біз үшін болашаққа бағдар жасап, ізгі қоғам жолында бірлесе күш біріктіруге маңызды алаң деп білеміз.