А.Балаева: Құрылтайдағы бастамалар Ұлттық комиссия жобасына енеді

Мемлекет басшысының Түркістандағы құрылтайда айтқан ұсыныстары Ұлттық комиссияның жобасына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін тиісті қаулыға қол қойылды. Мектептегі адам құқығы және балалар әдебиетін жаңғырту сабақтары осы құжатта қамтылды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға да ұсыныстар бар.

Ұлттық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қоғамдық ұйымдардың, ғылыми орталықтардың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктірмек. Бүгін әсіресе Ұлттық құрылтайда «Адал Адам» идеясы айтылды. Оның ішінде Президент атап өткен өскелең ұрпақ тәрбиесіне басымдық берілді. Мәселен, Ұлттық комиссия мектеп бағдарламасына адам құқықтары бойынша сабақ енгізу, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын ресурстарды бейтараптандыруды қамтамасыз ету, Ұлттық комиссияның жанынан қазақстандық ғылыми ұйымдардың консорциумын немесе ерікті бірлестігін құру бойынша жұмыс істейді. Кітап шығару саясатының тұжырымдамасын әзірлеу, бұл бағытта бөлінген қаржының 25 балалар әдебиетін шығаруға бөлу көзделіп отыр. Ал Мемлекеттік сыйлықты тағайындау кезінде балаларға арналған шығармаларды жеке бөлім ретінде қарастыру қолдау тапты.

Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары:

- Президент «Адал азамат» ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға, зерделі, озық, адал қазақстандықтарды тәрбиелеуге бағытталған бірқатар ойларды айтты. Бұл – мемлекеттік сектор үшін идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттары бойынша нақты іс-қимыл бағдарламасының бір түрі.

Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаеваның айтуынша, Ұлттық комиссияның тұғырнамасы Түркістанда өткен Құрылтайда Мемлекет басшысы айтқан түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған.

Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары:

- Ал Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова балалар мен ересектер арасында экологиялық саналы мінез-құлықты тәрбиелеудің маңыздылығын, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен отандық брендті дамытуда әйелдердің рөлін атап өтті.

Ләззат Рамазанова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:

- Құрылтайда Мемлекет басшысы атап көрсеткен тағы бір маңызды сала – бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және мемлекеттің ақпараттық саясаты. Ұлттық комиссияның мүшесі, коммуникация саласының сарапшысы Назым Жанғазинова ескі көзқарасты өзгерту керек дейді. Осылайша, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жаңғыртуға басымдық беріледі. Ұлттық комиссияның қаулыда айтылған барлық ұсыныстары мемлекеттік органдардың жұмысына енгізіліп, азаматтық сектормен бірлесіп жүзеге асырылады.