Елордада каллиграф Мәдина Құсайынның жеке көрмесі өтті
«Қағазда қалған қалам ізі». Дәл осындай атаумен Елордада каллиграф Мәдина Құсайынның жеке көрмесі өтті.
Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткен көрме, құсни-хат өнерін қайта жаңғыртты. Құсни-хат бұл, нақыштап көркем жазу өнері. Яғни дамыған Ислам мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі деуге болады. Көрмеге қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш калли-граф, Мәдина Құсайынның ком-позициялары мен 30-ға тарта көркем жазбасы қойылды.
Айта кетейік, бекзат өнер болып саналатын, құсни-хат Қазақстанда енді дамып келе жатыр.
Мәдина Құсайын, каллиграф:
-Жалпы осы өнермен айналысқаныма 3 жылдай болды. Бүгінг дейін 150-ге жуық туынды жазып шықтым. Алдағы уақытта осы өнерді дамытқым келеді. Жалпы айтқанда бұл құснихаттың бірнеше түрі бар. Көне, тарихи және екі заманауи стиль. Менрікі екі заманауи стиль болып табылады.