Елордада Амангелді Сейітханды еске алу турнирі өтті
Елге танымал журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған жарыс жалғасын тапты.
Бүгін елордада зиялы қауым өкілдері, жазушылар, ақындар, журналистер мен депутаттар бас қосып, бильярдтан өзара мықтыны анықтады. Турнир командалық форматта өтті және жыл өткен сайын қатысушылар арасындағы бәсекелестік артып келеді.
Аслан Қаженов, тілші:
- Жеңісті күндерде жүздескенше. Дәл осындай атаумен, біреу білсе, біреу білмес, жыл сайын дәстүрлі түрде республикалық бильярттан турнир өтеді. Өтеді биыл да кезекті рет ұйымдастырылды. Қазір осында Амангелді Сейітхан ағамыздың көзін көрген замандастары, әріптестері, кейінгі жас буын өкілдері келіп жатыр. Ойындар айналмалы жүйеде. Осындай бірнеше бильярд стелінде паралель өтіп жатыр.
Жылдағы дәстүр бойынша жиналғандар марқұм аруағына құран бағыштап, Амангелі Сейітхан жайында естеліктерімен бөлісті. Оның қазақ спорт журналистикасындағы, жалпы қазақ журналистакасындағы рөлі жайында айтылды.
Арман Сқабылұлы, турнирді ұйымдастырушы:
- Амангелдімен алғаш рет хабар арансы құрылған кезде таныстым. Амангелді сол арнаның спорт саласына жауап беруге келді. Ең бір есте қалатын нәрсе футболдан әлем чемпионаты болып, соны қазақша жүргізу, тұңғыш рет қазақша жүргізуді сеніп тапсырған өзіміз. Сол кездің өзінде көке дейтін. Көке қалай жүргіздім деді. Сол кзеде пікірімді айтқам. Тағыф айтайын. Амангелді жай ғана сөзбен жүргізіп қойған жоқ. Қазақтың құнарлы бай тілін спорт терминдерімен араластырып, спорт журналистикасына жаңа бір леп әкелді.
Телжан Күдеров, спорт журналисі:
- Алдыңғы буын ағаларымыз қолдарына киларын алып, тастаяқ шеберлерінің арасында бақ сынап жатыр. Сонымен қатар, орта буын және жастар да биыл үлес қосып жатыр екен. Негізі мақсаты – Амангелді Сейітханды мәңгі есімізде сқатау. Ол кісіні ұмытпау. Қазақ спортының дамуына қосқан өзіндік еңбегі мол. Шәкірттеріне де еңбек сіңірді. Ол кісі болмаса біз бұндай жағдайға жетпейтін де едік. Ұстаызымы мәңгілік есімізде.
Ал турнирге 13 команда жиналды. Әр командада 3 адамнан бар. Олар 4 топқа бөлініп, айналмалмалы жүйеде ойнап шықты. Кейін үздіктері плей-офф кезеңінде өзара мықтыны анықтады.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Аман ағаның қандай ткрнирі болсын, шығармашылық жиындар болсын бәріне қатысамыз. Бізге арнайышақырту келді. Парламенттен арнайы команда жасап келіп отырмыз. Мен ойлаймын, Амангелді Сейітханға қатысты әлі талай шаралар жүзеге асады. Оның сыртында өзінің туған еді болсын, Шығыс Қазақстан, немесе Алматы қаласында лайықты көшелер берілу керек. Өзінің оқыған мектебінде бұрыштар, әлеуеметтік сынанлдардың аты, әсірісе, спорттық нысандар аты берілсе. Өйткені, ол халықтың назарын спортқа бұрған бірінші азамат.
Жеңімпаздарға арнайы медальдар мен Амангелді Сейітхан жазбаларының жинағы табысталды. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құрады. Алдағы уақытта турнирдің ауқымын кеңейтіп, қатысушылар санын арттыру да көзделіп отыр.
Авторлары: Аслан Қаженов, Тоқтар Терлікбаев