Семейде үйлер муралмен безендіріле бастады

Семейде көпқабатты тұрғын үйлер муралмен безендіріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биік ғимараттарға Абай мен өзге де ұлы тұлғалардың бейнесі және қала көріністері салынады. Барлығы 7 үйдің қабырғасын әрлеу жоспарда бар. Жұмысты Алматыдан келген мамандар істеп жатыр. Қалада көпқабатты үйлерді ашық түспен сырлау жалғасады. 

Биыл қырық шақты ғимарат жаңа келбетке ие болады. Бұл мақсатқа қалалық  бюджеттен 198 миллион теңге қаржы бөлінген. 

Диана Шаяхметова, Семей қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Муралға қатысты жақсы пікір білдіріп жатқандар көп.Үйлердің  қабырғаларына сурет салуды жалғастырамыз. Қазір Бозтаев көшесінде жұмыс жүріп жатыр. Ондағы тақырып футболмен байланысты болмақ. Қазақстан футболы біздің қаламыздан бастау алғанын жақсы білесіздер. Қаланың логотипі, футбол добының суреті түседі. Біз жарқын түстерді таңдаймыз. Ол қаламыздың ажарын ашады.