Ішкі істер министрлігінде мінсіз қызметімен көзге түскен полицейлер марапатталды
Полиция күніне орай Ішкі істер министрлігінде мінсіз қызметімен көзге түскен сақшылар мен ардагерлер марапатталды.
Шара кезінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау қызметкерлерінің құрметіне орнатылған естелік тақтасына гүл шоқтары қойылды. Ведомство басшысы ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге және даңқты дәстүрлерді сақтауға үлес қосқан ардагерлерге алғысын білдірді. Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 816 қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. 4 мыңнан астамы жарақат алды. 1800-ге жуығының еңбегі еленіп, оның ішінде 157-сі қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапатталды.