Елордада денсаулық акциясы өтті
Жастар – ел болашағы. Сондықтан бәсекеге қабілетті, дені сау ұрпақ қалыптастыру мәселесі қашанда назардан түспейді.
«Денің сау болу – сәнді» деген ұранмен өткен акция да соның дәлелі болса керек.
Елордада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс шаралар жалғасып жатыр. Соның бірі-«денің сау болу– сәнді» акциясы.
Анар Тастембекова, нарколог-дәрігер:
- Менталитетіміз бойынша, стигма деген бар, психиатриялық аруханаға келу көбісі ұят деп ойлайды. Сондықтан біз, дәрігерлер, мамандар осылай келіп, алаңда көрініп, көрсетіп, түсіндіріп,ол не пайдасы бар, не зияны бар, пайдасы жоқ екені, зияны бар екенің жеткізіп жатырмыз деп ойлаймын.
Іс-шарада нарколог-дәрігерлер мен психологтар профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізіп, есірткі қолданудың алдын алу және жағымсыз салдары туралы лекция оқыды. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, шығармашылық ұйымдар өз өнерін көрсетті.
Бахытжан Әмірханов, Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары:
- Осы күнге орай республикалық облыс орталықтарында, қалаларында осындай акциялар өтіп жатыр. Осы айдың ішінде 1800-ден астам әр түрлі естірткіге қарсы шаралар өтті. Ал қала бойынша тек бүгінгі күннің өзінде 4 іс шара өтеді. Ал жалпы 60-70-ке жуық шара өтті.
Есірткіге қарсы айлықты өткізу барлық азаматтарды, олардың ішінде кәмелетке толмағандар мен жастарды алдын алу іс-шараларымен кеңінен қамтуға бағытталған. Концертті мыңға жуық адам тамашалады.