Қостанай облысында қызылша ауруы өршіп тұр
Қостанай облысында қызылша өршіп тұр.
Соңғы он күнде осы жұқпалы дертке шалдыққандар саны екі есе артқан. Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде 42 адамнан қызылша анықталған. Оның басым бөлігі Қостанайда. Сонымен бірге Рудный, Жітіқара қалаларында, Жанкелдин ауданында ауру жұқтырғандар бар. Қауіпті індет балалар арасында дендеп барады. Олардың көбі дертке қарсы екпе алмаған. Ал 14 науқас екпе алды ма, жоқ па әзірге беймәлім.
Әйгерім Қалиева, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Ондағы мақсат қызылшаның таралу аумағын, дертке шалдыққан жандардың кіммен жақын қарым-қатынастап болғандығын анықтау. Соның нәтижесі бойынша шұғыл алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.