Биыл Ұлытау өңіріндегі 40 жас отбасы баспаналы болады

Биыл Ұлытау өңіріндегі 40 жас отбасы баспаналы болады

Жыл аяғына дейін Ұлытау өңіріндегі 40 жас отбасы баспаналы болады.

Өңірдегі жастарды қолдау мақсатында қазынадан 500 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыруға жаратылады. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша, өңірде 6 жалдамалы, 4 несиелік және 17 коммерциялық үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ұлытау облысы құрылғалы баспана құны айтарлықтай өскені белгілі. Мысалы, бұрын шаршы метрі 295 мың теңге болса, қазір 365 мыңға дейін өскен. Яғни, пәтер құны Алматы мен Астананың деңгейіне жеткен. Тиісінше, жалдау құны да қымбаттаған. Сол себепті, өңірде баспана мәселесіне баса назар аударылып отыр, деді әкім. Әлеуметтің осал топтарына 998 млн теңгенің 100 пәтері алынбақшы. Қазір үй кезегінде 7 мың адам тұр.  Бұдан бөлек, басшысы әлеуметтік нысандар құрылысы инфрақұрылымды дамыту жоспарына кеңінен тоқталды. 

Су желісінің 79 шақырымы жөнделеді

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:

- Сонымен қатар бізде негізгі үлкен проблемаларымыз да бар. Ол сапалы ауызсумен қамтамасыз еті. Үкіметтен қазір Айдос-Үйтас су құбыры тозған, осыны қазір 4,2 млрд қаражат бөлініп, қазір жұмыстар басталды. Және осы суды жаңа мембраналық технологияларды пайдалана отырып, қазір 6 млрд-қа осы Жезқазған қаласындағы су шаруашылық ауызсу тазарту құрылыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, қаламыздағы, жалпы өңірімізде 10 млрд-қа 79 шақырым су желісін салу және реконструкциялау көзделіп жатыр.