Ақтөбе облысында 16 балабақша ашылды

Ақтөбе облысында биыл жаңа 16 балабақша ашылды.

Оған қоса мектепке дейінгі он мекеме салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Аймақта екі жастағы бүлдіршіндерді де балабақшамен қамту жоспарланған. Бұл орайда әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасы мығым, тәжірибелі педагогтар мен күтушілер болуы шарт. Қазір облыста 45 мың бүлдіршінді қамтитын 600-ге жуық балабақша жұмыс істейді. 

Нұргүл Бертілеуова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 2 жастан бастап балаларды қабылдау, "Бөбекжай" балабақшалар желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған орай қазіргі таңда, осы жұмыстардың нәтижесінде 2 жастан бастап қамту, 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 93 пайызды құрап отыр. 3 пен 6 жас аралығында жүз пайызды құрайды.