Қарағанды тұрғындары медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалайды
Қарағанды тұрғындары сауалнамаға қатысып, медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалайды.
Кейін соның нәтижесі бойынша аурухананың кем-кетігі дұрысталып, дәрігерлердің біліктілігі тексеріледі. Сауалнаманы жаңадан тағайындалған ақ халатты комплаенс-офицер жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы қызметкер әзірге Мақажанов атындағы ауруханада жұмыс істейтін болады. Сауалнама сұрақтары әлеуметтік желілерге және ұйымның сайтына жүктеледі.
Еркін-Дәуір Құрманғалиев, Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың директоры:
- Офицерлер ауруханамыздың ең осал тұсын тауып, оны дер кезінде оңалтуға, жалпы медициналық қызметтің сапасын арттыруға көмектеседі деп сенеміз. Әрі сыбайлас жемқорлық қылмысының жолын кесетін болады.