Қостанай облысында 18 адам бруцеллез жұқтырды
Жыл басынан бері Қостанай облысында 18 адамнан бруцеллез анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның үшеуі – бала. Дертке шалдыққандардың бәрі ауылда тұрады. Әулиекөл, Науырзым, Қарасу, Қостанай аудандарының тұрғындары. Олардың бірі ауру малды күткен, бірі – өнімін тұтынғандар.
Қазір науқастар тұрақты түрде медициналық тексерістен өтіп, ем қабылдап жүр. Бруцеллез шыққан елді мекендерде шектеу енгізіліп, эпизотияға қарсы іс-шаралар қолға алынды. Ауру мал санитарлық сойысқа жіберілген. Ал олардың иелері жарты жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болады.
Әсел Баймұхаметова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Ауру малмен жақын қашықтықта болған адамдардың бәрі міндетті түрде тексеріледі. Клиникалық жағдайда қан алынып, бактериологиялық, генетикалық, серологиялық зерттеу жүргізіледі. Мал сойылғаннан кейін иелері жарты жыл бақылауда болып, зертханалық зерттеуге 2 ай сайын қан алынып отырады.