Астанада радиологтардың форумы өтіп жатыр
Елімізде радиология саласындағы сәулелі диагностикалық аппараттар саны жеткілікті.
Алайда онда жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар тапшы. Бүгін Астанада өтіп жатқан Х Еуразиялық радиология форумында бұл мәселе тереңінен қозғалды. Жиынға 34 елдің радиологтары қатысып жатыр. Олар онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, өкпе және басқа да аурулардың сәулелік диогностикасын жетілдіруді талқылап жатыр.
Биылғы жылы сессия форматы радиология тәжірибесіндегі ерекше және қызықты клиникалық жағдайларды талдау түрінде өткізіледі. Ал кадр мәселесін шешу үшін жақында елордада Радиология ғылыми-зерттеу институты ашылады.
Таирхан Даутов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі радиология саласының бас маманы, Радиологтар қоғамының вице-министрі:
- 60 шақырылған елден спикерлер, 34 елден келіп қатысып жатыр. Қазақстан және басқа жерлерден. Қатысушылардың саны биыл 400-ге жуық. Биыл 17 жылда Х форум өткізіп жатырмыз. Оның маңызы өте зор деп ойлаймын.