Елімізде 1 шілдеден мүгедек жандардың жәрдемақысы өседі

1 шілдеден бастап мүгедектігі бар жандардың жәрдемақысы өседі.

Мәселен, бірінші топтағы жандар бұған дейін 77 мың төңірегінде жәрдемақы алса, енді 89 мың теңгеден аса алады. Ал екінші топтағыларға 9330, үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 6491 теңгеге ұлғаяды. Төлемдер әлеуметтік кодекс негізінде өсіп отыр. Бұл құжат 1 шілдеден бастап күшіне енеді. ТМД аумағында алғаш рет қолданысқа енгелі отырған кодекс адам өмірінің барлық  кезеңін қамтиды. Дәл осы құжат аясында мүгедек адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделген. Күтуші тиісті еңбекақы және әлеуметтік аударымдармен қамтылып, жеке көмекші ретінде рәсімделеді. 

Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы:

- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге 102 мың адамға  және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға 42 мың адамға  жәрдемақыны арттыру қосымша көзделген. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге және күтушілерге берілетін жәрдемақылардың мөлшері  1,4 есептік ең төменгі күнкөріс деңгейінің яғни 65 мың 313 теңгені құрайтын болады.