Көлсайға көлік тұрағы, Қайыңдыға жол керек
Көлсайдың көрікті жерлері мен көркем көлдерін көргісі келетіндер көп.
Шетелдік саяхатшылар тұмса табиғат мен таза суға тамсанып қайтады. Кейінгі жылдары ұлттық паркте инфрақұрылым жаңғыртылып, қызмет сапасы да жақсара бастады. Дегенмен, Қайыңдыға апаратын жолдың жайы, интернет сапасы, қонақ үй тапшылығы сынды мәселелер әлі бар.
Өткен жылы Көлсай көлдерін 200 мың адам тамашалаған. Бұл сан жылдан жылға артып жатқаны қуантады. Ұлттық парк ұжымының мақсаты -еліміздегі ішкі туризмді дамыту, көлдің табиғи байлықтарын сақтап қалу және қорғау. Көлдің сұлулығын, табиғи мекеннің тазалығына тамсанған саяхатшылар кейбір мәселелерді де атап өтті. Мысалы, демалыс күндері адам көп келетіндіктен жолда кептеліс пайда болады.
Жарас Ниязбек, журналист:
- Осыдан бірнеше жылдармен салыстырған Көлсайдың демалыс аймағы көп көрім ілгерілеу бар. Бірақ, енді мынау топырлап тұрған автокөліктер. Табиғи жағынан алсақ та осы жерге ыңғайсыз, қолайсыздық тудырып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта осы парк иелері айтып жатыр, автотұрақты төменге апарымыз деп.
Жанбота Сұлтанмұратқызы, облыс тұрғыны:
- Балалаларға да өте ұнайды. Атпен қыдырып, тауға бір шығып келгеннің өзі не тұрады. Киіз үйде жатып демалу , мына жердегі қазақы салтты, қазақы қалыпты балаларға көрсетіп, дәріптеу ол ата ананың мінадеті болса, екінші ұрпақ алдындағы парызы.
Бүгінгі күні ұлттық парк аумағында жеті туристік маршрут бар. Оның барлығы жұмыс істеп тұр. Саяхатшылар Жоғарғы қөлсай және төменгі Көлсайға жаяу немесе атпен бара алады. Ортаңғы Көлсайда қайықпен серуендеуге болады. Парк жанында елуден астам киіз үй тігілген. Демалушылар осында қонып, ұлттық тағамдардан дәм татады. Осылайша туристік аймақта кәсіпкерлік саласы да дамып келеді.
Әділхан Батанов, "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:
- Туристік маршруттар аббаттандырылған. Әлі де аббантандыру жұмыстарын қажет етеді. Ол енді мына келушілердің санының жылдан жылға артуына байланысты өзге де Көлсайдағы туристік маошруттардың рекриациялық жүктемесін азайту мақсатында басөқа сайларға да , басқа көрікті жерлерге маршруттар ашу жоспарланған.
Көлсайдан оншақты шақырым жерде табиғаты ерекше Қайыңды көлі бар. Бір ғасыр бұрын жер сілкінісі кезінде пайда болған Қайыңдының суы жылдан-жылға азайып барады. Қазір ұлттық парктің негізгі проблемасы. Қайыңдыны сақтап қалу үшін көл аузына тоспа салу ісі зерттеліп, құрылысты бастау осы жылға жоспарланды. Бұған қоса Қайыңдыға жеңіл көлікпен жету мүмкін емес. Қазір «Саты ауылы мен Қайыңды» арасын жалғайтын күре жол құрылысын салудың жобасы әізірленген. Жол салынса, Қайыңды да инфрақұрылымы жақсара түспек.
Авторлары: Алмас Садуақас, Аманжол Жөнкешов