Биыл елордада жаңа көпір қолданысқа беріледі
Биыл елордада Тәуелсіздік даңғылының бойымен өтетін автокөлік көпірі қолданысқа беріледі.
Ол жолдардағы көлік нөпірін азайтуға мүмкіндік бермек. Яғни, Тәуелсіздік даңғылы арқылы жаңа теміржол вокзалы ауданы және біқатар автокөлік тораптары арасында қосымша қозғалыс ашылады. Сондай-ақ, биыл елордалық автопарктер 400 жаңа автобуспен толығады. Жуырда 20 электроавтобус жеткізілді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек аялдамалар, тротуарлар, пандустар ретке келтіріліп жатқанын да жеткізді. Жыл соңына дейін 70-тен астам көше толық жөнделеді. 300-ге жуық көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.