Петропавлда сүтті мал шаруашалығының форумы басталды
Петропавл қаласында сүтті мал шаруашалығының екінші халықаралық форумы басталды.
Оған отандық мамандармен қатар Америка, Италия, Германияның ғалымдары да қатысып жатыр.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Сала мамандары сүтті мал шаруашылығын дамытудың жолдарын талқылайды. Бүгінгі шараға 600 делегат шақырылған. Олардың арасында Италия, Америка, Гермария елдерінің ғалымдары да бар.
Форум аясында ең алдымен көрме ұйымдастырылды. Бұл жерде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінен бастап, ауыл шаруашылығы техникалалары сонымен қатар асылтұқымды жылқы, қой, ірі қаралар қойылған.
Ең ірі бұқа 900 келіге дейін тартады. Жалпы, бұл шараның Солтүстік Қазақстан облысында өтуі тегін емес.
Өйткені, өңірде соңғы 5 жылда 16 мың басқа арналған 30 тауарлы - сүт фермасы ашылды. Бұл қайта өңдеу саласына тың серпін берді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Көрме өз алдына, форум аясында бірнеше пленарлық сессия өтеді. Жиын барысында мамандар сүт фермасын қалай ашу керек, оның пайдасы қандай осы тақырыптарды қаузауды. Шара ертең де жалғасады.