Елорданы дамытудың жаңа бас жоспар әзірленуде
Елорданы дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленіп жатыр.
Онда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға басымдық беріледі. Бұл жайында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Бүгінде бас шаһар тұрғындарының саны 1 млн 370 мыңнан асқан. Қалаға жыл сайын 50 мыңға жуық адам келеді, 30 мың бала дүние есігін ашады. Шаһар маңыдағы Талапкер, Қосшы, Қоянды сияқты елді-мекендерден елордаға күн сайын 150 мың адам қатынайды.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Қаланың тез дамуы мен халық санының өсіміне байланысты елорда алдында бірқатар жаңа міндеттер бар - бұл:- тұрақты экономикалық өсімді сақтау; - тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау; - инфрақұрылымдық дамуы және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету; - миграциялық ағымды бақылау. Осыған орай біздің алдымызда күрделі міндет тұр, ол – миграцияның жоғары қарқыны жағдайында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тиімді шаралар кешенін қабылдау.