БҚО: Ақсайда баспана құрылысы қарқындады
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Жалпы аумағы 45 мың шаршы метрді құрайтын нысанның екеуі биыл, қалғаны келер жылы тапсырылады. Бұл 42 мыңдай халқы бар моно-қалада баспана мәселесін, оң шешуге мүмкіндік береді. Былтыр шағын шаһарда жалпы 34 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ауданда 2700-дей азамат, түрлі санат бойынша пәтер кезегінде тұр.
Мұхтар Нұрмақов, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары:
- 126 пәтерлік 2 үй, 198 пәтерлік бір үй, бұл үйлер негізінен жергілікті атқарушы органның кезекте тұрған азаматтарына, «Отбасы банк» салымшыларына берілетін болады. Тұрғын үйге мұқтаж. Үйлерді аяқтау 198 пәтерлік тұрғын үй биыл аяқталады. Мына 126 пәтерлік тұрғын үй биыл аяқтау жоспарымызда бар.