Алматы облысында Жайлау күні тойланды

Ал Алматы облысының еңбекқор шаруалары жазиралы жайлауда бас қосып, дәстүрлі шопандар күнін тойлады.

Соның аясында ірі тауар өндірушілер мен агросекторда жұмыс істейтін компаниялардың қатысуымен ауылшаруашылық форумы өткізілді. Онда бизнес жобаларды субсидиялау, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.

Форум шөбі шүйгін, суы мол Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы жайлауында өтті. Дәстүрлі шопандар күнін жұрт асыға күтеді. Жайлауда ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі болды. Түйенің кептірілген шұбаты, сүт өнімдері, малдың азығы, биологиялық таза өнімдер халық назарына ұсынылды.

Мұстафа Қалиев, шаруа қожалығының басшысы:

- Бұл жерге өнімімізді әкеліп отырмыз. Күріш өсіреміз 1 457 гектар жерге. Екі жарым мың гектар жерде жоңышқамыз бар. скл  Жем-шөбіміз молынан.  Егіп отырған арпа,бидайымыз да өнім беретін түрі бар.

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында өңірге 8 млрд.теңгеден  астам қаражат бөлінген. Төрт түлік малдың 65%-ы жайлауда жайылады. «Жалпы облыста ірі қара саны бір млн-ға жуықтады. Ұсақ мал да жыл сайын артып келеді. Біз ет пен тері өңдейтін инвестициялық жобаларды іске асырамыз», - деді облыс әкімі.  

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Әрине біз көріп тұрмыз оның терісі де жүні де бүгінгі күнге дұрыс пайдаланып жатқан жоқ. Дамыған елдерде, мал шаруашылығы дамыған елдерде ол жақта суб продуктісі негізгі продукт болып есептелінеді. Ал ет болса ол суб продукті болады. Біздікі олай емес бүгінгі күнге, өкінішке орай. Әрине оны дамытамыз. Біз сол тері, жүн өңдеу зауыттары инвесторларымен сөйлесудеміз.

Форум барысында  аграрлық салада адал еңбек еткен бірқатар шаруалар марапатталды. Ұлттық көкпар, аударыспақ сынды ұлттық ойындар өтіп, жүйріктер жарысқан бәйге болды.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев