Тараздық нейрохирургтер талма дертіне шалдыққан балаларды емдеп жатыр
Тараздық нейрохирургтер эпилепсияға шалдыққан балаларға талманы тоқтататын құрылғы орнатып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Күрделі операция бұған дейін Астанада жасалатын. Енді ата-ана баласын облыс орталығында емдете алады.
АҚШ-тан әкелінген құрылғыны орнату үшін операция 40 минуттан 1,5 сағатқа дейін жалғасады. Арнайы сенсорлар эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан жеткіншектерге арналған. Күніне 20-дан аса талмасы ұстайтын науқастың талма жиілігін азайтып, уақыт өте айығуына әсер етеді. Жамбыл облысында эпилепсиямен ауыратын 4000-нан аса бала тіркелген.
Саят Жұмабаев, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
- Сол кезеген «нервісі» толықтай ашылып, сол жерге жаңағы өзінің спираль тәрізді «зонты» болады. Сол «нервтің» өзіне бекітіледі. Сөйтіп, терінің астымен өтіп, ары қарай жаңағы генератор импульс деген бар, соған жалғанады. Мынау бұғананың астына орнатылады. Өзінің баптауы бар. Сол баптау арқылы біз жиілігін реттеп отырамыз. Сол импульстың арқасында талманың жиілігі азаяды.