Елордада «Аялаған Астана» байқауының мерейтойлық гала-концерті өтті

Елордада қала күніне орай «Аялаған Астана» балалар шығармашылығы байқауының мерейтойлық гала-концерті өтті.

Кеште 30-ға жуық әнші өнер көрсетті. Олардың қатарында жаһандық сайыстардың финалистері мен қазақ өнерінің жарық жұлдыздары бар.

Айта кетейік, бұл жоба он жылдың ішінде көптеген бүлдіршіннің бағын ашып, үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік берді. Бір кездері Мұхаммед Әли Жүгінісов, Данелия Төлешова, Жанель Сәдуақас сынды әншілердің түлеткен еді.

Ділнұр Біржанова, «Аялаған Астана – 2014» байқауының лауреаты:

- Бүгінгі концерт Астаанынң 25 жылдығына және Аялаған астананың 10 жылдығына арналып тұр. Бүгін мен отбасыммен алғаш рет шығып тұрмын. Яғни, менің отбасымда 7 бала бар. Сол себепті кішкене қобалжу бар.