2 шілде – Домбыра күні

Бүгін – домбыра күні.

Мереке, жыл сайын аталып өтеді. Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мақсатында шілденің бірінші жексенбісі мереке болып белгіленді. Тиісті жарлыққа 2018 жылдың 13 маусымында қол қойылған.

Жалпы домбыра қазақ үшін жай аспап емес. Қос ішекті аспап арқылы ата-бабамыз талай тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Сондықтан бұл мерекенің маңызы зор.