Үкімет басшысы жылу беру маусымына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшыларының қатысуымен алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Үкімет басшысы дайындық жұмыстарында проблемалық мәселелер туындап жатқанын айтты. Бірқатар нысан бойынша жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жатыр. Мемлекет тарапынан станциялардың өтінімдеріне сәйкес тарифтер бекітілді. Бұл қаржыландыруды тартуға және жаңғырту жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы бірлескен іс-қимылды күшейтіп, бірінші вице-премьер Роман Склярға және Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке елдегі энергетикалық нысандарды тексеруді тапсырды.