Қостанай облысында шегірткемен күрес жалғасып жатыр
Қостанай облысында егістік алқаптарды шегірткілерге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Қазір 257 мың га немесе жоспарланған алқаптық 66 % өңделді. Шегірткемен күреске 31 арнайы техника мен ұшақтар жұмылдырылды. Қазір әлеуметтік желіде шегіртке қаптады деген видео тарап жатыр. Жәндік, көбінесе Жангелдин, Амангелді, Алтынсарин және Денисов аудандарының аумағында кездеседі. Ауыл шаруашылығы алқаптарының зақымдануы байқалмады»,-деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.