Бір аптада ел аумағында 2500-ден астам қылмыс жасалды

Оның ішінде 1,5 мыңы ізін суытпай тәулік ішінде ашылды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Кісі өлтіру фактісі бойынша 7 қылмыс тіркелді. Денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, арты өліммен аяқталған 5 жағдай анықталды. Тонау бойынша 27 және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 300-ден астам оқиға әшкереленді. 1 шілдеден бастап полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 600-ден астам хабарлама келді. Бірақ 200 факт бойынша тұрмыстық жанжал оқиғасы расталмай шықты.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Егер бұрын өтініштердің 60% нарядқа есептен шығарылған болса, бүгінде бұл 30%. Расталмаған 30% көбінесе көршілердің хабарламалары, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастар бойынша. Сонымен қатар, 10 азамат жалған шақырту үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өту қажет. Полиция азаматтардың жалған өтініштеріне алаңдауға уақыты жоқ. Бұл уақытта басқа азаматтар полицияның көмегіне мұқтаж. 346 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында 65 адамға қатысты әкімшілік ұстау қолданылды.