СҚО-да 250 тарихи ескерткіш табылды

Солтүстік Қазақстан облысынан 250-ге жуық тарихи ескерткіш табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым бөлігі – Қола дәуірінен Орта ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын қорғандар мен мазарлар. Биыл тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері археологтармен бірге ауқымды зерттеу бастады. Экспедиция мүшелері бірнеше ауданды аралап, бұрынғы заманның қыстаулары мен көне зираттарын анықтаған.

Жалпы, бүгінгі таңда облыс бойынша 600-ге жуық тарихи орын бар.

Рахат Мәмбеталиев, облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

- Қызықты тарихи нысанның бірі – Есіл ауданында табылған қорған. Оның биіктігі – 7 метр. Диаметрі – 55. Әлі адам қолы тимеген ескерткіш. Болжам бойынша, бұл – ерте темір дауіріне жататын оба. Қалғанын зерттеу жұмыстары көрсетеді.