Орал көшелеріне орнатылған камера саны артты
Орал қаласының көшелерінде көлік жылдамдығын бақылайтын тағы 15 камера іске қосылды.
Әрбір құрылғы аумағына ескерту белгілері қойылған. Жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырған жүргізушіге жаңа жүйе автоматты түрде айыппұл салады. Осыдан екі жыл бұрын дәл осындай 40 құрылғы орнатылған еді. Осы аралықта 200 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Жыл басынан бері шаһарда 103 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіш төмендеген жоқ-дейді мамандар. Көлік апатының көбі жылдамдықты шамадан тыс арттыру салдарынан болған.
Арман Қасымов, БҚО ПД әкімшілік тәжірбие бөлімінің бастығы:
- Жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушіге салынатын айыппұл көлемі 5 АЕК-тен басталады. Бір апта ішінде төлейтін болса, төлем мөлшері азайтылады. Жаңа жүйе мемлекеттік бюджет есебінен орнатылып жатыр. Осы құрылғылар санының артуы жол-көлік оқиғаларын азайтуға септігін тигізеді деп ойлаймын.