Атырауда электр жарығына шектеу енгізілуі мүмкін
Елдің батысында күні бойы электр энергиясына қосымша шектеу енгізілуі мүмкін.
Бұл жайында кегок компаниясының басшысы Қаныш Молдабаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Бұндай шара тұтыну көлемі артқан жағдайда Орал-Атырау-Маңғыстау желісі бойынша электр энергиясы тасымалын артық жүктемеден қорғайды. Қаныш Молдабаев батыс аймақтағы электр станцияларында тексеріс жүргізіп, жүйелі реттегіштер орнату қажеттігін айтты. Бұның барлығы апат кезінде станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет. Айта кетейік, таяуда Маңғыстау атомдық энергия комбинатында блоктардың бірі істен шыққан болатын. Салдарынан кәсіпорыдар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Апат салдарын анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Жағдай толық бақылауға алынған.