Ұлттық құрылтай мемлекеттің даму идеологиясын айқындады
«Түкістанда өткен Ұлттық Құрылтай – мемлекеттің даму идеологиясын айқындаған басқосу болды», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қали Сәрсенбай.
Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихты түгендеу мен ұлы тұлғаларды дәріптеу Ұлттық идеологияның қалыптасуының негізі екенін атап өткен болатын. Бұл бағытта атқарылар жұмыстар да айқын.
Қали Сәрсенбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Мәселен, қазақ тарихының көптомдығын шығару. Бізде,әрине тарих жазылды ғой. Дегенмен біздің тарихымызды өзгелер жазып келген. Біздің тарихқа деген еуроцентристік көзқарас басым болды. Сондықтан, тарихты қайта жазу керек, түгендеу керек деген өте құптарлық мәселе. Қазақ тарихының көптомдығын жасауды қолға алу, оны нағыз кәсіби мамандарға жаздыру бұл бір үлкен зор міндет.