Б. Сарыбай: Қалам ұстаған қауым елді тәрбиелеуге тырысу керек
Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту, мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеу, өскелең ұрпақты тәрбиелеген жағдайда мықты мемлекет боламыз.
Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ұлттың сапасын кемелдендіру, біртұтас ел болып жұмылу керектігін жұртшылықтың жадына салды. Жазушылар қауымы да бұл ойды толық қолдайды. Ол үшін ғасырдан ғасырға келе жатқан дәстүрімізді бүгінгі заманғы үрдістермен байланыстыра отырып дамыту қажет. Оған қалам ұстаған зиялы қауым бір кісідей атсалысу керек, - деп санайды зиялы қауым өкілдері.
Бейбіт Сарыбай, жазушы:
- Абай айтқан «толық адам» концециясы бар ғой. Соған да ұмтылуымыз керек. Әркім өзін түзесін, айналасын түзесін. Содан кейін барып біз керемет қоғамды құра аламыз. Қалам ұстаған қауым елді тәрбиелеуге тырысу керек. Ізгілікке, жақсылыққа, адалдыққа, мейірбандыққа деген сияқты.