«ЭКСПО» көрме орталығында жәрмеңкесі жалғасып жатыр
«ЭКСПО» көрме орталығында «Елорда базары» жәрмеңкесі жалғасып жатыр.
Мұнда азық-түлік өнімдерімен қатар, қолөнер, зергерлік бұйымдар сатылымға шығарылды. Жәрмеңке алаңы тауарлар түріне қарай 6 секторға бөлінген. Айта кетейік, бұл шараға еліміздің 15 өңірінің кәсіпкерлері өз өнімдерін әкелді. Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 200 тоннадан астам азық-түлік бас қалаға жеткізілген. Барлығы 50-ден астам тауар түрі ұсынылып отыр. Жәрмеңке ертең кешкі сағат 6-да аяқталады.
БЛИЦ:
- Бүгін мейрам күні, Астананың туған күні. Сол енді мынау ярмаркаға келіп, ет алуға, азық-түлік бағалары төмен екен. жақсы екен сапасы, өте жоғары. Бағасы өте жақсы. Қияр 220, қызанақ 310. Туркестан облысынан алып келген. Дәмді деп ойлаймын, соысн мен алдым.