МАЭК қайта іске қосылды
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Нысан іске қосылды. Кеше өңірде жүрген Әлихан Смайылов кәсіпорын жұмысын сынға алды. Кейін комбинаттың құрал-жабдығын жаңғыртуға 4,9 млрд теңге бөлінетінін айтты.
Еске салайық, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы №1 энергоблоктың жұмысы 3 шілдеде тоқтап, Маңғыстау және Атырау өңіріндегі елдімекендер мен өнеркәсіп нысандары жарықсыз қалған еді. Премьер-министр мұндай стратегиялық нысандарда автономды қуат көздері болу керектігін ескертті.