А. Қожаназаров: Суды тиімсіз пайдаланып отырмыз

Су тапшылығын жою үшін су ресурстарын басқарудың бірыңғай органы керек.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров осындай бастама көтерді. Өзекті мәселемен қазір үш министрліктің комитеті айналысады. Нәтижесінде суды тиімсіз пайдаланып отырмыз. Қарағанды облысының ауылшаруашылық кәсіпорындарын аралаған депутат осылай деді. Дегенмен суды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін кәсіби көзқарас керек. Ал елімізде білікті гидролог мамандар жетіспейді. Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың да әлсіз тұстары бар. Елімізге судың 56 пайызы трансшекаралық өзендерден келеді.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тәуелділіктен шығу үшін біз тиімділікті үлкейту керекпіз. Оны қалай үлкейтеміз егер де судың жартысы барлығы құмға кетіп бара жатыр. Бірақ қыруар ақша бөлініп жатыр оған. Миллиардтаған, жүз миллиардтаған  тек қана Еуразиялық даму банкінен бір 100 миллиардтан астам ақша алынған. Оның нәтижесін көрмей жатырмыз. Оны да басқа министрлік ол Экологиялық министрлігімен пен Инвестиция министрлігі. Соларға да айтып депутаттық сауал жолдағамыз.