Ақтөбе облысында аптап ыстықтан жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндер көбейді
Құтқарушылар мен дәрігерлердің жұмысы қауырт.
Мысалы Ақтөбе облысында тәулігіне мыңнан астам адамнан қоңырау түседі. Төтенше жағдай қызметі болса, өзен-көлдердің жағасын бақылауға алған. Себебі, күн ыстықта жағажай жағалайтындар да көп.
Сынап бағанасы 40 градусқа таяғалы жедел жәрдемнің колл-орталығы диспечерлері тәулігіне мыңнан астам қоңырау қабылдаймыз дейді. Маусымдық көкөністен улануды айтпағанда, күн өткен 8 адамға жедел көмек қажет болған.
Ақжұма Мусина, облыстық жедел жәрдем станциясы Call-орталығының аға дәрігері:
- Жүрек аурулары, инсульттер көбейіп жатыр. Үлкен адамдардың давлениесі көп көтеріліп жатыр. Бұл кездерде жаңағы жүрек аурулары бар адамдар, қан қысымы көтеріліп, қант диабеттері бар адамдар үйде отырғаны абзал.
Қала тұрғындары үшін апатап ыстықта жансақтайтын жердің бірі – аквасаябақ. Күн қызғалы есік алдындағы ұзын-сонар кезек қалыпты жағдайға айналған. Бүгін жұмыс күні болғанына қарамастан ашылғаннан-ақ ине шаншар орын жоқ.
Блиц: Біз естідік что таңертең келесің, очередьте тұрасың. Далада күтіп тұрасың деп айтты. Сондай информациямен келіп отырмыз. сағат онда келдік. 10-15 минут болды келгенімізге. Күтіп отырмыз.
Ерлан Имбетов, саябақ әкімшісі:
- Аудандар мен көрші облыстардан келетіндер көп. Ашылғанға дейін 200-300 адам есік алдынды иіріліп тұрады. Күн ыстық болғандықтан қолдан келгенше кері қайтармауға тырысамыз. Бірақ біздің орталық тек мың жарым адамға дейін қабылдай алады. Ал кірем деушілер одан да көп.
Өзен-көлдердің жағасында демалушылар саны да күрт өскен. Құтқарушылар ертеден кешке дейін кезекшілікке шығуға мәжбүр. Қазір полицейлер және волонтерлермен бірігіп, күнделікті 400-ден астам адам рейдке шығады. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарда бақылауды күшейту қажет. Себебі жыл басынан бері мұндай орындарда 6 адам суға кетті.
Саид Молдақараев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Рейдтің іс-шара барысында 636 адамға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оны нақтайлай кетсек 366 ескерту әкімшілік жауапкершілік, 270-не айыппұлдар салынды.
Синоптиктер Ақтөбеде аптап ыстық ауа райы әлі 2-3 күн болады деп болжап отыр. Сондықтан созылмалы дертке шалдықттандарға дәрігерлер үйден шықпауға кеңес береді. Ал суға шомылам деушілерге құтқарушылар тек ресми жағажайларда демалған жөн деп отыр.
Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков