Атырау облысында 100 шетелдік елден шығарылды
Тексеру барысында олардың Көші-қон туралы заңнаманың талабын орындамағаны және түрлі әкімшілік, қылмыстық іске қатысы бары анықталған.
Өңірде жыл басынан бері 33 мыңнан аса шетел азаматына уақытша тұруға рұқсат берілген. Солардың ішінде 5 мыңға жуық Шетелдік көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 азамат мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.
Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Ал 100-ден астамы елден шығарылып отыр. Сондай-ақ шетелдіктердің 15 қылмыс жасалып, оларға қатысты 30 қылмыс тіркеліп отыр қазіргі таңда және де шетелдіктернен түрлі әкімшілік құқық бұзушылық туралы жасаған әркеттері үшін 17 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.