Спортты дамытуға бөлінген қаржы жымқырылды
Елордада «Олимпиадалық ойын түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды.
Мекеме басшылығы 2020-2023 жылдар аралығында оқу-жаттығуларға бөлінген қаржы сомасын асыра көрсеткен. Заңсыз әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрайды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Сонымен бірге мекеме басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Мекеме бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.