Қазақстанның батысындағы 3 облыста электр энергия тапшылығы жойылады
2028 жылға дейін Қазақстанның батысында орналасқан 3 облыста электр энергия тапшылығы мәселесі толық шешіледі.
Атырау облысындағы «Жылу Қуат Орталығын» аралаған депутат Дүйсенбай Тұрғанов осылай деді.
3 шілде күні аймақ жарықсыз қалғаны есте. Содан бері Үкімет нақты іс-шаралар жобасын жедел қолға алды. Қазір «Жылу Қуат Орталығында» істен шыққан бу турбиналары біртіндеп іске қосыла бастаған.
Апаттық жағдай кезінде Атырау жылу қуат орталығындағы энергияның өндірісі 180 мегаваттан 65 мегаватт сағатқа төмендеді. Бұл облыстың жарықсыз қалуына әсер етті. Қазір жағдай қалыпқа түсіп келеді.
Мақсот Әленов, «Атыраужылуқуат» АҚ президенті:
- 14 бу қазаны бар. Қазір 9-ы жұмыс істеп тұр. 3-еуі күрделі жөндеуде, 2-еуі резервте. 11 турбина болса, оның 9-ы жұмыс істеп тұр. Стансамыздың 12-ші турбинасының қуаты 100мегаватт. 9 шілдеде іске қостық.
Атырау облысында 15 мың шақырымнан астам электр желісі бар. Оның 40%-тен астамы ескі. Соңғы 4 жылда жергілікті электр тасымалдаушы компания өз қарамағындағы желілерді жаңалауды қолға алғды.
Мейірбек Ғұбашев, «Атырау өңірлік электр желілері» компаниясының басшысы:
- 0,4 киловольттан 110 киловольтқа дейін. Биыл 2023 жылға сол әуе желілерінің 819 шақырым жоспарда. Қазіргі таңда 400 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарын жасадық. Қыркүйектің аяғына дейін сол жұмыстарды 100% аяғына жеткіземіз.
Энергетика саласының жай-күйін көрген Парламент депутаттары күрмеуі қиын істің шешімін табуда жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырды. Биыл батыстағы 3 облысты тұрақты электр энергиясымен қамтамамыз ететін 2 ірі жоба игеріледі. Оның алғашқысы қазан айында аяқталуы тиіс, - деді депутат.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 220 киловольттық кернеуі бар «линиялардың» өткізу қабілетін 100 мегаваттан 200 мегаватқа дейін жеткізу. Сонда өткендегідей апатты жағдайлардан біз сақтанамыз. Екінші жоба ол біраз уақытқа дейін созылады, 2028 жылға дейін. Ол мына батыс электр желілерін Қазақстанның біріккен электр желісіне қосу, 3 облыстың. Онда біраз мәселелер шешілейін деп тұр, ол жерде резервте пайда болады.
Атырау облысы жазғы маусымда шамамен 550 мегаватт сағат электр энергиясын тұтынады. Әзірге оның 414 мегаваты өндіріледі. Қазір сағатына қосымша 110 мегаватт қуат беретін 2 жел электр стансасының құрылысы басталды. Сондай-ақ биыл жылу қуат орталығында әрқайсысы 65 мегаватқа тең 2 қондырғы іске қосылады.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин.