Алматыда Александр Невский соборының аумағына ескерткіш қойылды
Князь Александр Невский Еуразия кеңістігінде ұлтаралық және дінаралық қатынасты дамытуға қосқан үлесімен танымал.
Сондай-ақ, славян мен түркі халықтары арасындағы тату көршілікті қалыптастыруға еңбек сіңірді.
Айта кетейік, биыл Қазақстанның Православие Шіркеуі яғни елдегі Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр. Іс-шараға дәстүрлі конфессиялардың жетекшілері, екі елдің қоғам қайраткерлері мен Православие Шіркеуінің архипастырлері қатысты.