БҚО-да 130 адам қаржы пирамидасына алданды

Батыс Қазақстан облысында 130 адам қаржы пирамидасына ақша салып, түбінде сан соқты.

Ұйымдастырушылардың талабы бойынша, әр салымшы ақшасын салып қана қоймай, өзге де қатысушыларды әлеуметтік желі арқылы белсенді түрде тарту керек. Жыл басынан 120 адам әккілердің құрбанына айналды. Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Айта кеткен жөн, қара тізімдегі қаржылық ұйымдарды ведомство сайтынан көре аласыз.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Агенттіктің БҚО бойынша департаменті WorldMoney компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оның басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасы қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.