Ақтөбе облысында шамадан тыс жүк тиеген көліктерге 25 млн теңге айыппұл салынған
Ақтөбе облысында жыл басынан бері шамадан тыс жүк тиеген көліктерге 25 млн теңге айыппұл салынған.
Күн жылынып, құрылыс маусымы басталғалы заң бұзу дерегі күрт өскен. Мамандар әсіресе қытай техникалары иелерінің ережені елемейтіндігін айтып отыр. 25 тонналық жүк көліктері рұқсат етілген межеден екі есеге дейін артық зат тиеп жүреді. Жолдардың бүлініп, жүруге жарамсыз болуы соның салдары. Осыған орай көліктік бақылау инспекциясы алты ай ішінде 150-ден астам әкімшілік хаттама толтырған.
Мейрамбек Базаров Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы:
- Карьерлық көліктерге жатады бұлар ауыр салмақты. Бұларға 25 тоннадан артық тиеуге рұқсат етілмеген. Яғни жүкпен алғандағы салмағы 25 тоннадан аспауы қажет. Қазір көріп тұрғаныңыздай он тоннадан астам артық салмақ көрсетті. Айыппұл салынатын болады.