Өрт: Қауіп пен сақтық
Жыл басынан бері еліміздің кейбір өңірінде өрт жиіледі.
Абай облысында 90,4 пайызға, Батыс Қазақстан мен Алматы облысында 42 пайызға, Қостанай облысында – 38,5 пайызға және Жамбылда – шамамен 35 пайызға өрт шығу дерегі көбейді. Дегенмен, бірнеше аймақта жалын шарпу көрсеткіші төмендеген. Атап айтқанда, Қарағанды облысында – 18,5 пайызға, Солтүстік Қазақстанда – -12,5 , Маңғыстау және Павлодар облыстарында -8,3 пайызға азайған.