Оралда электр желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Оралда 2 күн бойы жауған жаңбыр салдарынан үзілген электр желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір 200-ге жуық абонент жарықсыз отыр. Тиісті жұмыстарға коммуналдық кәсіпорыннан 8 бригада мен 10 бірлік техника жұмылдырылған. Жарық болмаған соң сорғы стансалары да істен шығып, кейбір шағын аудандар сусыз қалған еді. Бүгін тіршілік нәрі қалыпты режимде беріле бастады. Ал 8 көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі мен ауласындағы шалшық суды сору жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Алмат Ашықов, қалалық ТКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:
- «ЗапКазРЭК» мекемесі тарапынан барлық жұмыстарды күннің соңына шейін бітіру жоспарымызда бар. Тұрғындарға ауызсу берілді. «Батыссуарнасы» мекемесі тарапынан авариялық бригадалар қалыпты жағдайда жұмыс жасап жатыр. Зачаганск кентінде жертөлелерді су басу мәселесі бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан техникалар жұмылдырылған.