БҚО-да көліктер уақытша тіркеліп жатыр
Батыс Қазақстан облысында шетелде тіркелген көліктерді заңдастыру акциясы аясында 1 шілдеге дейін 21 мың 560 өтінім түскен.
Оның 17 мыңы мақұлданса, 4300 өтініш кері қайтарылды. Ол көліктердің бірі өзге елде тіркеуден шешілмеген болса, енді бірі банкте кепілде, болмаса түрлі шектеулері бар болып шықты. 17 шілдеден бастап осы көліктерді уақытша тіркеуге қою басталды. Ол үшін иелері халыққа қызмет көрсету орталығында полиция қызметкерлеріне жазбаша өтініш қалдыруы тиіс. Бүгінге дейін 1500 өтінім түсіп, 4 көлік құралы 5 жылға уақытша тіркеуге қойылыпты. Осы мерзімде мүлік иесі заңдастыруға кедергі болған себептерді жоюы қажет, ал көлікті сатуға немесе шетелге шығаруға тыйым салынады.
Асқар Сәлімов, БҚО ПД Процессинг орталығының бастығы:
- Құзіретті қызметкерлер қарап, дерекқорға енгізгеннен кейін азаматтарға хабарлама түседі. Сол хабарлама алғаннан кейін телефонда қосымша Халық және Kaspi қосымшаларымен, не сонымен қатар E-gov порталымен өздерінің өтініштерін беруге болады. Уақытша тіркеуге жатпайтын автокөліктер ҚР аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін келген автокөліктер жатпайды, сонымен қатар қылмыстық іздестіруде жүрген автокөліктер жатпайды.