Қонаев қаласында медиа және туризм форумы өтті
Қонаев қаласында бірінші халықаралық медиа және туризм форумы өтті.
Іс-шараны Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі мен «Түркітілдес журналистер қоры» ұйымдастырды. Оған Азия мен Еуропа елдерінен 200-ден астам адам қатысты. Форумда еліміздің ішкі туризмін дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі талқыланды.
Алматы облысының басты табиғи байлығы таулары мен өзен-сулары. Іле Алатауының шың құздары, жазиралы жайлаулары мен арша шыршалары табиғат сыйы. Көрікті Көлсайды көргендер тамсанбай қайтпайды. Ал Шарынның ерекше шатқалдары шабыт шақырып, көңілді шалқытады. Форумның алғашқы күнінде шетелден келген қонақтар мен аймақтан жиналған тілшілер Шарын мен Көлсайға барып, туризмді дамыту мәселесімен танысты.
Ватан Өз, журналист, Ұлыбритания:
- Мен Алматы облысында бірнеше рет болдым. Көрікті Көлсайды, Шарынды көрдім. Бұл өлкеде табиғат берген сый көп. Соны туризм көщіне айналдыру керек. Ең бастысы әрине туризм саласын дамыту. Осындай форумдар өткізу соған ықпал етеді.
Ал форумның негізгі басқосуы Қонаев қаласында өтті. Қапшағай жағасындағы қаланың туристік әлеуеті зор. Жазғы шомылу мауысымында қалаға сырттан апта сайын 20 мың адам келіп демалады. Жалпы Алматы облысы үшін туризмді дамыту маңызды экономикалық фактор.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Инвестор тартуға бұл форум үлкен әсерін береді деген ойдамыз. Бүгінгі күнге дейін былтырғыға қарағанда 23% көп қабылдадық. Жалпы Қонаев қаласын қарасақ бізде он мыңнан астам төсек орын бар туристерді күтетін. Бірақ бізде бір демалыстың өзінде 40 мыңға дейін адам келіп жатыр. Сол себептен туризм саласын дамытатын мүмкіндіктер бар.
Жалпы форумның мақсаты медиа және туризм саласында тәжірибе алмасып, ақпарат кеңістігін кеңейту, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру. Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Еліміздегі тұмса табиғатты насихаттауға жұмыс өте көп деп ойлаймын. Және бұны біз халыаралық деңгейде жүргізуіміз керек. қазір жаңа медианың кезеңі. Әлеуметтік желілер арқылы жаңа медиа арқылы ютуб арқылы қаншама танытуымызға болады. Скл «меніңше туризмді насихаттау, дамыту үшін журналистерге мүмкіндіктер қазір көп.
Шара барысында министр елімізде алғаш рет өтіп жатқан әуе шарлары фестивалінде болды. Дархан Қыдырәлі өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Қазір облыста бизнес бастауға мүмкіндік зор. Сондықтан білімді, әрі жігерлі жастарға әрдайым жол ашық, қолдау бар.
Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов