Алматы өзендерінде сел жүру қаупі сейілді
«Алматы өзендерінде су қалыпты мөлшерде ағып жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ» деп хабарлады Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, түнде Талғар өзені тасып, лай су жағадан асқан. Салдарынан бөгетті сел басты. Қазір өзендегі су қалыпты нормаға түсті. Төтенше жағдай қызметі жағдайды бақылауға алды. Тасқын қайталануы мүмкін таулы аймақтан 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ іздестіру тобы бір орманшы мен 9 адамнан түратын туристер тобын құтқарды. Олар Есік өзенінде болған сел ағыны кезінде таудан түсіп үлгірмеген. Жолды су шайғандықтан орманшы үйін паналаған.