Елордада эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Астанада қызылша өршіді. Кейінгі 2 жылда елордада мұндай бірде-бір ауру таралмаса, биылғы 6 айда қызылшаның 117 жағдайы тіркелген.
97-сі 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталып отыр. Вирустық А гепатиті мен менингококк инфекциясы 6 есе көбейген. Ал коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 34 есе азайды. Мұны қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері айтты. Қазір тәулігіне кемінде бес, көп дегенде 20 жағдай тіркеліп жатыр. Сарқыт Бейсенованың айтуынша жалпы Астанада инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
Сарқыт Бейсенова, қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:
- Санитариялық қызмет тұрақты негізде жүргізетін жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында 8 нозология бойынша жағдайлардың төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді, мысалы: сальмонеллез 42%-ға, жедел ішек инфекциясы 5%-ға, скарлатина 56%-ға, бактериялық менингит 36%-ға, серозды менингит 14%-ға, желшешек 40%-ға, энтеробиоз 24%-ға және педикулез 44%-ға төмендеді.