Жетісу облысында таулы және жаяу жүргіншілер туриадасы өтіп жатыр

Жетісу облысында «Ұлы Жоңғар Алатауы» таулы және жаяу жүргіншілер туриадасы өтіп жатыр.

Тау туризмін дамытуға арналған бұл шара ең алғаш рет 2003 жылы ұйымдастырылды. Содан бері оның жағрафиялық ауқымы айтарлықтай кеңейді. «Ұлы Жоңғар Алатауы» туриадасына қазір Жетісу, Алматы облысымен қатар еліміздің барлық өңірінен және Ресей, Украина, Белоруссия, Литва, Латвиядан кәсіпқой спортшылар да көптеп қатысады. Шараға арнайы шақырылған туристер тобы Қора, Көксу, Ақсу өзендерін бойлап, Жетісу Алатауының жотасымен жүріп өтеді. Бұл екінші-төртінші дәрежелі қиын маршрут болып есептеледі. Осы халықаралық шара аясында «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне ақпараттық тур ұйымдастырылды. Қатысушылар тау етегіндегі музейді аралап, Жасылкөлге барды. Лепсі ауылындағы омарташылар фестивалін тамашалады.

Камилла Вишнякова, омарташы:

- Біздің ауылымыздың табиғаты өте зор. Біздің бал Апиславияда бірінші орын алды. Сол себепті біз осындай фестиваль ұйымдастырып жатырмыз. Әлемде мысалы Жапонияда фестиваль цветения сакуры ұйымдастырады. Біздің Қазақстанымыздағы Лепсі ауылында осындай «Фестиваль качки меда» именно традицияға кірсе өте күшті болады.