Елде онлайн несие рәсімдеу қиындайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі электрондық тәсілмен шағын несие беру қағидаларына түзетулер ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді берешекті сіздің атыңыздан бәзбіреудің рәсімдегені сотта дәлелденсе, сіз жауапкершіліктен босатыласыз. Одан бөлек, онлайн несие рәсімдеу қиындайды. Бұрын қарыз алғысы келген адам сайтқа тіркеліп, жеке куәлігін көрсетсе жететін еді. Бұдан былай ол өзінің жеке басын куәландыруы керек. Ол үшін биометриялық сәйкестендіру, электрондық цифрлық қолтаңба, екі факторлы аутентификация талап етіледі. Жобаны талқылау 8 тамызға дейін жалғасады.