Ақтөбеде биыл жүзге тарта жеделсаты жаңартылады

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлерде орналасқан лифттердің дені әбден ескірген.

Жалпы Ақтөбе қаласындағы 302 көпқабатты үйде 659 жеделсаты бар. Олардың 238-ы рұқсат етілген мерзімінен әлдеқайда артық қолданылып келеді. Арасында тіпті 40 жылдан астам қызмет етіп келе жатқандары да кездеседі. Бұл мақсатқа мемлекеттік бағдарлама аясында 751 млн теңге бөлінген. Аталған қаражат меншік иелеріне несие ретінде рәсімделеді. Былтыр осы әдіспен облыс орталығындағы 21 лифт жаңартылған еді. Жалпы 2026 жылға дейін 145 жеделсатыны жаңарту көзделіп отыр.

Әділ Алдашев, "Ақтөбе" ӘКК Құрылыс және инфрақұрылымдық даму департаментінің директоры:

- Қазіргі таңды 40 лифт ауыстырылды. 23-ін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Шілденің соңына дейін дайын болады. Өзгелері бойынша тұрғындармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Құжаттары реттелген соң келісімшартқа қол қойып, іске кірісеміз.

Ерсұлтан Бақтыбаев, Бакад компаниясының инженері:

- Қазір 0,07 МРП жеңіл көліктерге және келесі бізде 7 категория бар көліктердің, сол категория бойынша ары қарай әр санатқа өзінің бағасы бар. Және де қосымша айта кетерлік сәт ол – жолдың бойында орналасқан елдімекендердің тұрғындарына абоненттік төлем ретінде жеңілдіктер қарастырылған.